Қарияның үйін тонап, пәтерін сатып жіберіп, оңай олжаға кенелмек болған алаяқтарға қатысты сот үкімі шықты. Күдіктілер алдын ала тыңғылықты жоспар құрған.
Қарақшылар жәбірленушіні қарақшылар біраз уақыт көзден таса қылмай, аңдиды. Ақыры жалғыз жүрген сәтін пайдаланып, қолындағы кілтін тартып алады. Солан кейін күдіктілер пәтерге кіріп, құжаттар мен 50 мың теңге ақшаны алып кеткен. Онымен қоймай, алдымен кілттің көшірмесін жасап алып, кейін қарияға өз кілтін «Түсіріп алыпсыз» деп, қайтарып береді. Бұл — қарақшылардың жәбірленуші полицейлерге арыз жазбасын деген оймен құрған жоспары.
Бұдан кейін күдіктілер қолда бар құжатты пайдаланып, пәтерді сатып жібермек болады. Бірақ, пәтерді клиентке көрсетейін десе, иесі біліп қоятыны белгілі. Сондықтан арам ниеттілер қарт кісіні ұрлап алып кетеді. Басқа жаққа апарып, 1 айдан астам уақыт бойы ұстаған. Осы аралықта пәтерді де сатып жібереді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=W6CMN_999Hk[/youtube]
Тергеу барысында анықталғандай, қылмыстық топ 5 адамнан құрылған. Қазір күдіктілердің бірі қашып жүр. Өзгелері қолға түскен. Қазір айыпталушылардың үстінен ұрлық, алаяақтық, адам ұрлау және жалған құжат жасау фактері бойынша қылмыстық іс қозғалған. Өткен жылдың қыркүйек айынан басталған іске жақында Әл-Фараби аудандық сотында нүкте қойылды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lyz3_T56ZTA[/youtube]
Осылайша сотталғаның бірі қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтейтін болса, тағы бірі жалпы режимді түрмеге қамалды. Ал 78 жастағы жәбірленушінің пәтері кілті мен құжаттары өзіне қайтарылды.