Шымкенттегі жоғарғы оқу орнының студенттері Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. «Ерлік даңқы өшпейді» тақырыбы аясында өрбіген шарада кеш кейіпкерлері жастарға бастан өткерген қиын-қыстау оқиғаларын айтып берді. «Шымкент жастары» мекемесі қолға алған бастамада сол бір жылдардан сыр шертер бейнероликтер де ұсынылды. Айта кетейік, Ауғанстан соғысына Қазақстаннан 22 269 жауынгер аттанса, оның 768-і — Шымкенттің сарбаздары.
Әнуарбек Тоғаев, ауған соғысының ардагері: «Мен Ауған соғысына 1987 жылы бардым. Ауған тілін үйрену үшін Ташкенттегі арнаулы оқу орнында 1 жыл оқыдым. Осылайша 32 жасында майданның ортасынан бір-ақ шықтым. Сол кезде полиция қызметкері, аға лейтенант қызметін атқардым. 2 жыл сол жерде болдым. Қазір — зейнеттемін. Сол қантөгістен тірі қайтқаным үшін Аллаға шүкіршілік етемін. Көптеген азаматтар қаза тапты ғой. Ештеңге өкінбеймін. Екі ұлым бар. Бақыттымын. Ал жастарға айтарым — ешқашан жүректеріңнен туған жерге, мынау елге деген патриоттық сезімді жоғалтып алмаңдар! Кең-байтақ жерімізді аман сақтап қалу да осы өскелең ұрпақтың қолында ғой. Сондықтан, жастар өздерін-өздері тәрбиелеу керек. Бұл — тәуелсіз елдің ұрпағының міндеті!»