Жаңалықтар 

27-наурыз — халықаралық театр күні

Наурыздың 27-ші жұлдызы — халықаралық театр күні. Осыған орай биыл 80 жылдығын атап өткелі отырған облыстық Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының ұжымына еліміздің өзге де өнер ошақтарынан құттықтаулар келіп түсті. Ізгі лебіздерге толы құттықтаулар қатарында ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да жолдаған хаты бар.

Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры

Айта кетейік, Ж.Шанин атындағы қазақ драма театырының хасбетін жөндеу жұмыстары өткен жылы қаза айында басталған. Кесте бойынша бұл жөндеу 3 айдан соң, яғни желтоқсанның 25-і күні аяқталуы тиіс болатын. Бірақ құрылыс жұмыстары біткен жоқ. Ал мәдениет ошағы басшысының айтуынша, театрды қайта қалпына келтіру жұмыстары биыл сәуір айына шегеріліп отыр. Жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан бөлінген 200 миллион теңгенің бүгінде 80 пайыздан астамы игеріліпті. Ал ұжым құрылыс жұмыстарының аяқталуын тағатсыздана күтіп жүр.

Гүлмира Серікбаева, облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры директорының орынбасары: «Асыға күтіп жүрміз театрдың жаңа келбетін. Тіпті, түсімізге де жиі еніп жүр. Себебі біз алдын ала ғимарттың хасбеті қандай болатынын суреттерден көріп алғанбыз ғой. Енді жуырда құрылыс жұмыстары аяқталады деді. Сондықтан жаңа ғимаратқа жаңа серпіліспен, жаңаша қуанышпен енеміз деп армандап жүрміз.»

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz