Кәсіпкерлерге тиесілі несие шарттары қолайлы

188
тауарөндірушелермен кездесті

Мемлекеттік бағдарламада қаралған кәсіпкерлерге тиесілі несие шарттары қолынан іс келетін кәсіпкерлерге ғана қолайлы. Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев жергілікті іскер азаматтармен кездесуде осылай деді. Басқосуға қатысқан бизнесмендер несие беруде банк шарттарын жеңілдетуді ұсынды. Алайда олардың бұл ұсынысы лауазымды қонақтар тарапынан қолдау таппады.

тауарөндірушелермен кездесті

Министр облыстың кәсіпкерлік саласын дамытуға әлеуетті екенін атап өтті. Отандық тауар өндірісін дамытуға атсалысып отырған жергілікті азаматтармен жеке-жеке кездесіп, олардың нарыққа шығарып отырған өнімдерімен танысып шықты. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы жаңа бағыттар таныстырылды. Индустриалды аймақтарды дамытудың жоспары түзілді. Айта кетейік, биыл аймақтардың инфрақұрылымын дамыту үшін 15 миллиард теңге қарастырылып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=S3yZPW8cMns[/youtube]