Полицейлердің қатысымен жол апаты орын алды

262

Шымкентте жол-патрульдік полициясының қатысуымен жол апаты орын алды. Оқиға наурыз айының 23 күні түңгі сағат 22:00 шамасында болған. Қаладағы Қонаев даңғылы мен Түркістан көшелерінің қиылысында ГАЗель автокөлігі мен жол-патрульдік полицияның арнайы көлігі қақтығысып қалды.

Соның салдарынан жеңіл көлік айтарлықтай зақымданды. Әбүйір болғанда адамдардың ешқайсысы жарақат алған жоқ. Тек ГАЗельдің жүргізушісі оң қолынан жеңіл жарақат алған көрінеді. Жол-көлік оқиғасы орын алған соң полицейлер лезде арнайы көліктің мемлекеттік нөмірін шешіп алған.