Жаңалықтар 

Шымкентте француз әндері шырқалды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Франкофоне байқауы өтті. Бұл шараның мақсаты – көпшілікке Франция мәдениеті мен тілін насихаттау. Бұл жолғы шара француз тілі мен оның мәдениетіне құштар адамдар үшін мереке.

Он жеті жасар Алтынбек Ханшайым Францияның белгілі әншісі Шайымның әнін орындауда. “Туғынның” мағынасы – парақтау. Мазмұны ғашық жанның Франция және Токио көшелерін сүйіктісімен жүгіріп өтуді армандап, елестетуінен тұрады. Сахнаның шымылдығын алғаш болып түрген Ханшайым толқығанын жасырмады.

Французша ән айтқан қазақ қызы
Французша ән айтқан қазақ қызы

Ханшайым Алтынбек: “Сахнаға алғаш болып шыққандықтан, біраз қобалжыдым. Даусым да дірілдеп шықты. Байқауда жеңімпаз атанып, Францияны көргім келеді.”

Иә, Ханшайымның Францияны көру арманының орындалуы үшін Франкофоне байқауының жеңімпазы атануы шарт. Мирас университетінде ағылшын және француз тілін меңгеріп жүрген студент болашақта ұстаздық етуді армандайды.

Франкофоне байқауының жартылай финалына қатысуға 26 үміткер тілек білдірген. Олар Францяның белгілі композиторларының туындыларын орындайды. Бес адамнан құрылған әділқазылардың екеуі – француз, үшеуі кәсіби әншілер. Үміткерлер орындаған ән жан-жақты бағаланады. Әсіресе, вокалға ерекше көңіл бөлінеді.

Ирина Александровна, ұйымдастарушы: “Бұл сайыс – француз мәдениетін сүйетіндер мен оның тіліне құштар жандар үшін мереке. Байқауда біз қатысушыларды кәсіби және әуесқойлар тобы бойынша бағалаймыз. Барлығының көңіл-күйі өте тамаша.”

Франкофоне байқауының 40 жылдық тарихы бар. Бүгінде әлемнің 70-ке жуық мемлекетінде өткізіледі. Шымкентте француз әндерінің шырқалып жатқанына биыл 10 жыл толды. Байқаудың жеңімпазы 5-сәуірде Алматыда өтетін ақтық сынға жолдама алады. Ал оның жеңімпазы Францияның қонағы болып қайту мәртебесіне ие болады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz