Кентауға қатынас тоқтауы мүмкін

448
көпір

Кентауға қатынау қиын болып тұр. Түркістан-Кентау тасжолындағы жалғыз көпірдің жайы сын көтермейді. Амалдап отырған айналма жолды су шайып кеткен.

көпір

Бұл көпірді кентаулықтар «Қылкөпір» атап кеткен. Сол себепті де жандарын шүберекке түйіп өтеді. Осыдан бірер жыл бұрын арнайы мамандар дәл осы көпірді ескірген әрі жарамсыз деп жариялаған болатын.

айналма жолдың бүгінгі күйі
Айналма жолдың бүгінгі күйі

Көпір Түркістан мен Кентау тасжолының 25-шақырымында орналасқан. Жарты ғасырдан астам жолаушыларға қызмет көрсеткен. Соңғы жылдары көпірдің қабырғасы қаусап, бетондары үгіле бастаған. Сол себепті көлік өтуге қауіпті деп, арнайы айналма жол салынды. Жыл сайын жөндеуден өтетін айналма жолды көктемде су шайып кетіп, ескі көпір қайта ашылыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=QwqJI5-BfCc[/youtube]

Ермек Ыдырысов, Кентау қаласының тұрғыны: «Түкке жарамайды деп жауып тастаған көпірді қайтадан ашып, игілікке жаратып отыр. Үлкен машина өтсе, түсіп кетуі мүмкін. Автобус өтсе де түсіп кетуі мүмкін.»

жарамсыз көпірден жүу көліктері де өтуге мәжбүр
Жарамсыз көпірден жүу көліктері де өтуге мәжбүр 
тар көпірде күнде кептеліс
Тар көпірде күнде кептеліс

Көпірден өткен сайын жолаушылардың бойын үрей билейді. Өйткені көпір қимылдап, әр көлік өткен сайын секіреді. Оның үстіне тар, күні-түні кептеліс. Ауыр жүк көліктерін былай қоғанда, жеңіл көліктің өзін әрең көтеріп тұр.

Нұрлан Қасымбаев, «ҚазАвтожол» мемлекеттік кәсіпорынның ОҚО филиалының бас инженері: «Айналма жолмен жүрген бізге дұрыс болатын еді. Судың тасуын байланысты көпірді аштық. Биыл сметасы жасалып қойған. Зерттелу жұмыстары жүргізіліп, жаңа көпір салынатын болған. Қазіргі таңда қаржы бөлу мәселесі кеш өтуіне байланысты салынбай отыр.»

көпірдің бетондары үгіле бастаған

Қаржы жоғының салдарынан жолаушылардың өміріне қауіп төнуде. Жаман айтпай жақсы жоқ, егер көпір 40 тонналық көліктерді көтере алмай құлап жатса, Кентауға қатынас тоқтайды.