Оңтүстік пен Қостанай облыстары серіктестерге айналады

Қазақстанның барлық аймақтары бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек. Облыстар әріптестігін Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай облысы бастады. ОҚО кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болашақ серіктес болуға уағдаласқан қос тарап бірлескен жобаларды іске асыру жолдарын талқылады.

ЦОП

Оңтүстіктің экономикалық әлеуетінің жоғарылығы мен мұндағы кәсіпкерліктің өркендеу сатысы. Қостанайлық әріптестерді қызықтырған біздегі артықшылық – осы. Дөңгелек үстелде осы мәселелерді талқылаған қос облыс басшылығы болашақта бірлесіп жұмыс істеуге құлшынып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=31zn62mZATo[/youtube]

Қос облыстың серіктестігінің арқасында үлкен жоба іске асатын болды. Бұдан былай жедел жәрдем көлігі Қостанайда құрастырылса, Оңтүстік оны қажетті құрылғымен қамтамасыз етеді.

Бірлесіп жұмыс істеу мақсатында қос облыс та ортақ меморандумға қол қойды. Осы серіктестіктің нәтижесінде енді Шымкентке Қостанайдан келер астық мәселесі де шешіледі.

Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары: «Біз үшін Қостанай облысының тағы бір ерекшелігі, бұл – Ресей нарығына шығу мүмкіндігі. Оған біздің ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлер де қызығып отыр. Олар да бізді өздеріне шақырып отыр. Жер береміз дейді. Бұл экспортты дамытуға сеп болады.»