Шымкентте жаңа ота жасалды

Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында тағы бір жаңа ота жасалды. Ауыр жарақаттар мен омыртқа жарығын енді жергілікті дәрігерлер оңай әрі тез емдей алады. Беларусь елінен келген медицина ғылымдарының кандидаты, нейрохирург Андрей Мазуренко екі күндік шеберлік сабағын өткізді.

Беларусь мемлекеттік травмотология және ортопедия орталығының мамандары екі күн ішінде омыртқасының ауыр жарақаты бар 3 адамға ота жасады. Айлар бойы төсекке таңылған олар енді бір-екі жетінің ішінде аяққа тұрып, еңбекке араласуға мүмкіндік алады. Жаңа отаның ерекшелігі де осы. ТМД елдері арасында белорустық ортопедттер аталған операция бойынша көш бастап тұр. Олар ұсынған әдіс өзгелерге қарағанда оңай әрі тиімді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=v0Z-9clSNFI[/youtube]