Қорғаныс министрлігінің ансамблі – Шымкентте

291
Ансамблі құрамында 50-ге тарта өнерпаз бар

Шымкентке Қазақстан Қорғаныс министрінің ансамблі келді. Шымшаһарлық тұрғындарды патриоттық әнмен сусындатты. Жыл сайын осы өнер ұжымының концертін жергілікті өнерсүйер қауым асыға күтеді.

ҚР Қорғаныс Министрлігінің ансамбілі
Ансамбль ұжымы

Әуеннің джаз жанрындағы «Текила бум» туындысы оркестрдің сүйемелдеуімен шебер орындалды. Көрермендерге мерекелік әсер сыйлады. Бұл нағыз кәсіби музыканттардың ғана емес, киелі сахнаның әсері болса керек.

Қорғаныс министрлігінің ансамблі Шымкентке алғаш рет келіп отырған жоқ. Сондықтан концерттік бағдарламасын жаңалап, ерекше туындыларды сахналады. Астаналық қонақтардың айтуынша, көпті патриоттық сезімге баулу үшін бұл шарамен шектелуге болмайды.

Мұхамеджан Таласов, Қарулы күштері бас штаб бастығының орынбасары: «Әскери лагерьлеріміз бар. Әскери бөлімдер, олардың жанұялары бар және жас шымкенттіктермен арнайы басқосу ұйымдастырып, әскери патриоттық клубтармен барып, онда да жиын өткізіп жатырмыз.»

Ансамблі құрамында 50-ге тарта өнерпаз бар
Ансамбль құрамында 50-ге тарта өнерпаз бар
Көрермендердің қарасы қалың болды
Концертке көрермендер мол жиналды

Жас әншілер де сахнаны жандандырып, шарықтай ән салды. Дирижердің өнерге деген риясыз құрметін де де көре алды көпшілік. Жыл сайын осы өнер ұжымын асыға күтетін жерлестеріміз кеште қол соғып, демеу болып отырды. Тіпті орындалған патриоттық туындылар жастарға да рух сыйлады.

Асылбек Нұрмаханбетов, әскери техникалық мектептің оқушысы: «Расында да керемет әсер алып отырмыз. Елімді қай кезде де қорғауға әзірмін. Өзім болашақта қаржы министрлігінде қызмет еткім келеді. Елімнің гүлденуіне үлесімді қоссам деймін.»

Елуге тарта өнер иелерінен құралған қорғаныс министрлігінің ансамблі осылайша көрерменнің көңілін бір серпілтіп тастады. Айта кетейік, өнер ұжымы еліміздің өзге де қалаларына гастрольдік сапармен шығуды жоспарлап отыр.