Бұқа құтырып, сиыр шұңқырға құлады (видео)

447
Шұғыл түсірілім

Адамдар ғана емес, үй жануарлары да төтенше жағдайға себепкер болып тұрады. Таяуда облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқару жасағына Темірлан тасжолының тұрғындары хабарласады. Айтуларынша, осындағы бір үйден байлаулы бұқа босанып шығып, көшеге қашып кетіпті.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім

Бұл оқиға кешкі сағат 9-дан асқанда орын алады. Көптен бері жемге байланып, құтырынған бұқа, тіпті, адамдарға да шабуылдай бастапты. Көшеде тайраңдап жүрген жануарды ұстау үшін оқиға орнына құтқарушылармен бірге бірнеше полиция тобы да келіп жетеді.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=v6jVM13onU0[/youtube]

Салмағы 400 келіден асатын бұқаны ұстау үшін құтқарушылар мен полицейлер оны тұйық көшеге кіргізді. Осында біраз алысуға тура келді. Ары-бері бұлқынған жануар көліктің терезесін де сындырып тастады. Арада біраз уақыт өткен соң ғана бұқаны тұсаудың сәті түсті. Абырой болғанда бұл оқиғадан адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

[youtube]www.youtube.com/watch?v=G7flw3Vl-7s[/youtube]

Төрт түлікке қатысты тағы бір жағдай Ынтымақ елдімекенінде орын алды. Жеке үйдің ауласындағы шұңқырға сиыр құлап кеткен. Үй иелері жануарды өздері шығарып аламыз дегенімен, ол ойлары жүзеге аса қойған жоқ. Содан кейін құтқарушыларға хабар беруге мәжбүр болады. Мамандар келіп, арқанның және көтергіш техниканың көмегімен сиырды далаға алып шықты. Сәті түскенде, жануардың еш жері зақымданған жоқ.