Облыстық қаржы полициясы және кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс отырысы өтті. Алқалы жиында экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар, және кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы алға қойылатын мақсаттар талқыланды.
Кәсіпкерлер бүгінгі таңда экономикалық қылмыстың бірден-бір тармағы жалған кәсіпкерлік екендігін айтады. Бүгінгі таңда облыста 200 мыңнан аса кәсіп орын тіркелген, соның 100 мыңнан астамы ғана жұмыс жүргізеді. Кәсіпорындардың атынан заты көп болуы, олардың жабылуының қйындығынан жалған кәсіпкерлік фактілері орын алып жатады екен.
Қайыпбек Қамбаров, «Жанар Жағармай» ассоциасиясының төрағасы: «Фирма ашылып қалады да жатады жылдар бойы. Кәсіпкер не істейді оны, кейін біреу сұрап келеді. Құжат керек еді еді деп. Бірнәрсе берейін деп, содан ертең келіп жалған кәсіпкер болып шыға келеді. Әңгіменің бәрі осында.»