Қала көшелерінде лед-мониторлар пайда болды

Енді Шымқаланың көркін лед-мониторлар ажарландыра түседі. Шаһардың Республика және Тәуке хан даңғылдарына ілінген көгілдір экрандарда әлеуметтік роликтермен бірге жарнамалар да көрсетілетін болады.

Лед-монитор

Мұндай мониторлар еліміздің Алматы, Астана сынды қалаларында біраз уақыттан бері жұмыс істейді. Ал Шымкенттің көшелеріне бұл экрандарды сәулетшілердің келісімімен жеке кәсіпкер орнатып жатыр.

Алдағы уақытта мұндай лед-мониторлардың тағы бесеуі ілінбек. Оның екеуі Темірлан тасжолының бойына орнатылса, біреуі Рысқұлов көшесіне қойылады.

Әлімжан Ілесбеков, қалалық сәулет және қала құрылысының бас маманы: «Әзірге бұл жұмыстар толық біткен жоқ. Келісілген нобайы бойынша мониторлардың жан-жағына ұлттық ою-өрнек қою қарастырылған.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ifq7RjX9jDc[/youtube]

Шымкенттің шырайын арттыра түсу үшін сәулетшілер қазір «Скройлер» деп аталатын жарнама экрандарын да қатаң бақылауға алған. Көше бойына қойылу тәртібі мен экранның өлшем талаптарын сақтамағандары алып тасталмақ.

Қаладағы көшелерде бүгінде осындай 38 билборд орнатылса, соның талаптарға сай келмеген онына қатысты іс қазір сотта дейді мамандар.

 

лед-монитор