Абайлаңыз! «Отырардың» атын жамылған алаяқтар жүр!

279

Соңғы уақытта облысымызыдң аудандарында алаяқтар пайда болды. Олар өздерін «Отырар-TV» телеарнасының журналистеріміз деп таныстыратын көрінеді.

Нақты айтқанда, таяуда Қазығұрт ауданындағы ауылдардың бірінде екі азаматша балабақшаларға барады. Олар тілшілердің атын жамылып, мектепке дейінгі мекемедегі олқылықтарды эфирден көрсетпейміз деп, сол үшін 50 теңге талап етеді.

Осы тұста айтарымыз, егер сіздер осындай алаяқтарды кездестіре қалсаңыздар, ең алдымен журналистік куәлікті талап етіңіздер. Содан кейін күдікті тұлғалар жайлы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне хабар беру керек.