Мақтааралдық жұртшылық мереке қарсаңында қос бірдей мектепке қол жеткізді. Заманауи үлгіде бой көтерген білім ордалары жаңа оқу жылына сақадай сай. Жергілікті жұртшылық көптен күткен нысандар салтанатты жағдайда пайдалануға берілді.
«Сұлубұлақ» ауылында бой көтерген жаңа мектеп жаңа оқу жылында оқушыларға есігін айқара ашпақ. Өскелең ұрпақ интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттерде заманауи талаптарға сай білім алуға мүмкіндік алмақ. Жаңа әдістемеге негізделген сынып бөлмелері, шеберхана, спортзал — мұның бәрі келешек ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қызмет етпек.
Астана күні қарсаңында «Халықтар достығы» ауылының жұртшылығы да жаңа мектепке ие болды. 300 орынға лайықталған жаңа нысан салтанатты жағдайда ашылды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=lVGU6xNhoZc[/youtube]
Айта кетейік, жыл соңына дейін ауданда 5 бірдей білім нысаны бой көтермек. Жергілікті билік 2016 жылы апатты мектептердің түйткілді түйіні шешіледі деп отыр.