Шымкент маңындағы тоғыз елдімекен енді судан тарықпайды

Бұйыртса, бұдан былай облыс орталығына жаңадан қосылған «Асар», «Бозарық – 1,2,3», «Достық», «Қайнарбұлақ» және «Тұран» елдімекендері ауызсудан тапшылық көрмейтін болады. Өйткені, Шымкенттің солтүстік-батыс аймағы маңына орталық құбыр тартылып, су қоймасы салынып жатыр.

Қайнарбұлақ

Бүгінде «Қайнарбұлақ» саяжайында қарбаласқа толы құрылыс қыза түскен. Елдімекендегі ауызсудың мәселесін шешу үшін мердігерлер су құбырларын жүргізуде. Кеңес кезеңінен бергі тозығы жеткен су құбырларының орнына жаңасы тартылуда. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң саяжайлықтар тіршілік нәрінен 24 сағат бойы тарықпайтын болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LwHFr9yJI6c[/youtube]

Мұндай жұмыстар шаһардағы 9 елдімекенде жүріп жатыр. «Солтүстік» суаққысының жұмысы бітсе, солтүстік-батыс аймақтағы «Асар», «Бозарық-1,2,3», «Достық», «Қайнарбұлақ» және «Тұранның» тұрғындары таза судан қанып ішпек.

Бұл күні «Асар», «Достық» шағынаудандарына су беріліп жатқанымен, оның жиі тоқтап қалатынын жасырмайды мамандар. Жақында бұл елдімекендерді орталық су желісіне жалғаймыз дейді. Айта өтейік, «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша жасалып жатқан жұмыстар екі жылға жоспарланған.

Асар