Түрмедегілер таяқ жеді ме?

440
Сурет ғаламтордан алынған

Шымкенттегі 167/2 түзеу мекемесіндегі қатаңдыққа шағымданып, бірнеше сотталушының туыстары тілшілерге хабарласты. Туберкулез ауруына шалдыққан жазасын өтеушілер жататын мекемеде адамдар соққыға жығылып, тамақтан қағылатын көрінеді. Сондай-ақ, емдеу де жүрдім-бардым жасалады деген арыздың ақ-қарасын прокуратура өкілдері тексерді.

Сурет ғаламтордан алынған
Сурет ғаламтордан алынған

Сотты болғандардың жұбайы мен аналары Шымкентке өзге қалалардан келген. Олар 167/2 түзеу мекемесіндегі қатігездікке наразы. Айтуларынша, қатаң режимде жазасын өтеп жатқан Таңатаров пен Қараходжаевты және Қарылдановты мұнда кез келген әдіспен қинайды екен.

[youtube]http://youtu.be/9ToGjxgpLr8[/youtube]

Қоғамдық бақылаушылармен бірге ұйымдастырылған тексеруден соң прокуратура қызметкерлері қылмыстық іс қозғаудан бас тартты. Заңды қадағалаушы орган өкілдері 167/2 түзеу мекемесіндегі ұрып-соғудың, тамақтан қағу мен емдеудің мардымсыздығы жөніндегі шағымды жоққа шығарды. Тіпті, мұнда жазасын өтеп жатқан азаматтардың өзі тәртіпті бұзушылар деп танылды.

[youtube]http://youtu.be/0NmCm8WmsJQ[/youtube]

Алайда, прокурорлардың бұл түсіндірмесі сотты болғандардың туыстарының көңілін орнына түсірмеген секілді. Олар туыстарының құқығының тапталмауы үшін бұдан да белсендірек күресетіндерін жеткізді.

[youtube]http://youtu.be/IbR9MdFEdRY[/youtube]

Ал бұл кезде түзеу мекемесінің қызметкерлері түрмедегі азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғамақ. Сотты болғандардың тәртіпке бағынбағаны дәлелденсе, жазасының жеңілдемесі анық.