«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы – жерлестеріміз!

644

Астанадан сүйінші хабар жетті. Елімізде ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы аяқталды. Онда Оңтүстік Қазақстан облысынан барған Беймаханбетовтер отбасы жеңіске жетті.

003

Жеңімпаздары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтап, Беймаханбетовтер отбасына шағын автобустың кілтін табыс етті.

«Байқау жеңімпазына Қазақстанда шығарылған әмбебап автобустың кілтін табыс етемін. Қазіргі уақытта біз автомобиль шығаратын елге айналып отырмыз. Бұл – отандық өндірістен шыққан отбасылық көлік» деген Елбасы көліктің кілтін отағасы Елтай Беймаханбетовке табыстады.

004

Беймаханбетовтер отбасы 8 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 33 немере мен оннан астам шөбере сүйіп отыр. Отағасы Елтай Беймағанбетұлы – мәдениет саласының ардагері. Түркістан қаласының құрметті азаматы. Жеңістеріңіз құтты бослын!