«Суицидпен ел болып күресу керек»

1336

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицидке тосқауыл қою керек. Ол жалғыз мектеп мұғалімдерінің ғана емес, қоғамның жұмысы дейді Қазақстан комунистік халық партиясының мүшелері.

Топты жинап, жан шошытарлық сандарды сөйлеткен жиын барасында жаға ұстатар жәйттер айтылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстікте жасөспірімдер арасындағы суицид соңғы бес жылда күрт өскен. Өзіне-өзі қол жұмсайтындардың арасында 14-17 жасар жасөспірімдер басым.

2010 жылы кәмелетке толмағандар арасында 91 өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелген, барлық әрекеттер қайғылы аяқталған. Ал биылғы жылдың тоғыз айында 55 суициальді әрекет тіркелсе, оның 31-і қайғылы оқиғамен аяқталған.

Көрсеткіштің не себепті көтеріліп жатқанын талқыға салған белсенділер, отбасындағы тәрбиені қатаңдатып, әлеуметтік мәселелердің әділ шешілуін қадағалау керегін айтты. Әсіресе, ата-аналар жауапкершілігін арттырып, жиналысқа келмейтін оларды жазалауды ұсынды.