Жастар қайырымдылық мақсатында қан тапсырды

674

Оңтүстік Қазақстан облысының жастары қан тапсыру акциясына қатысты. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жанынан құрылған еріктілер мектебі мүшелері «Бізбен бірге!» атты акцияға қатысты. Мұндағы мақсат – қатерлі дертке шалдыққан жандарға қажетті қан тапсыру, яғни, донор болу. Акция облыстық қан орталығында өтті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YJjiPHwdErU[/youtube]

001

Қатерлі дертке шалдыққан жандарға үміт сыйлау, оларға қолдау көрсету, жастар бойында мейірімділік, қамқорлық таныту қасиеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға 200-ге жуық студент қатысты. Жас отандасымыз, 4 жасар Алихан Утеев – осындай қатерлі дертке шалдыққан бүлдіршін. Алиханға дәрігерлер өткір лейкоз диагнозын қойып, қазіргі таңда бүлдіршін Израилде ем алып жатыр.

002

Сәбиге аллогенді гематопоэтикалық трансплантациясы қажет. Бірақ, сәйкес донорлық қан табылмағандықтан, бұл мәселе халықаралық қан базасына тіркелді. Яғни, қазір Алиханға сәйкес донорлық қан тобы қажет болып тұр. Сондықтан осы акцияға қатысқан жастар мүмкіндігінше өз көмектерін көрсетті.

003

Донор – ол дені сау адам. Көптеген науқастардың донор қанынсыз өмір сүруі мүмкін емес. Облыс бойынша ауруханалардағы науқас жандарға донор қанын құю күнделікті қажеттілік болып тұр. Іс-шараға қаламыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастары, еріктілер, облыстық «Жастар орталығы» қызметкерлері белсене атсалысты. Дертке шалдыққан жерлестерімізге қол ұшын беріп, өміріне үміт сыйлауға ниеттенген барша жастар қауымына, аталған акцияны ұйымдастырушыларға облыстық қан орталығы басшылы алғыс білдірді.

004

Дереккөз: ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі