Балабақша ақысы қымбаттай ма?

476

Шымкентте балабақша ақысы көтерілуі мүмкін. Бүгінгі таңда әр балаға төленетін 7 084 теңгеге сәбилерге сапалы тағам беру мүмкін болмай қалды дейді мектепке дейінгі мекеме меңгерушілері. Соңғы рет балабақша ақысы 2012 жылы көтерілген. Бағаға байланысты ұсыныс ОҚО кәсіпкерлік палатасында көтерілді.

002

Енді кәсіпкерлердің ұсынып отырған бағасы 9 800 теңге болуы мүмкін. Шымкент қаласында 284 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның 80-і ғана мемлекеттік. Қалғаны жекенің меншігінде. Кәсіпкерлер ашқан 204 балабақшаның 160-сына бюджеттен дотация беріледі. Бүгінгі таңда қалалық білім бөлімі сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр.

[youtube]http://youtu.be/w0EgORR0eCE[/youtube]

«Алдияр» балабақшасында 250 бүлдіршін тәрбие алады. Балабақша жекеменшік болғанымен, бюджет 180 бүлдіршінге айына 18 мың тенге дотация береді. Соған қарамастан балабақша меңгерушісі 7 мың тенгеге сәбиге сапалы тағам бере алмаймыз деп ашығын айтты.

[youtube]https://youtu.be/1IyjugxQhGc[/youtube]

Балабақшадағы бағаның көтерілуін енді жергілікті билік шешетін болады. Қалалық білім бөлімі статистика басқармасынан алынған мәліметтер бойынша есептеп жатыр, Десе де бюджеттік балабақшадан жекеменшік балабақшаның көп екенін ескерсек, кәсіпкерлер үшін балабақша ашу үлкен бизнес пен пайда көзіне айналғандай.