Кәсіпкерлердің құқығын прокурорлар қорғайды

265

Бүгін Қазақстанның бас прокуратурасы, ұлттық кәсіпкерлер палатасы және облыс әкімі орынбасарыларының қатысуымен бейнеконференция өтті. Шенеуніктер Шымкентте және Оңтүстік өңірінде бизнестің дамуына кедергі келтірілуде деген мәлімдеме жасалды.

001Бұл туралы бас прокурордың орынбасары тікелей байланыс барысында жария етті. Андрей Кравченконың айтуынша, Оңтүстікте кәсіпкерлерге әкімшілік тұрғыдан тосқауыл көп. Сондай-ақ, құрылыс және сәулет бөлімін ақылы қызмет көрсететіні айтылды.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Сапарабек Тұяқбаев кінәлі қызметкердің жазаға тартылғанын, құжаттарды рәсімдеуді кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы шешу жолдары қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Кәсіпкерлердің құқығын енді прокурорлар мен ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірігіп қорғайтын болады.