Шымкентте ірі су құбырлары іске қосылды

673

Шымкент қаласындағы Cолтүстік және Оңтүстік су магистральдары қолданысқа берілді. Соның нәтижесінде таза суға зәру болып отырған қала сыртындағы бірнеше шағынаудан тұрғындары ауызсумен қамтылды. Осылайша облыс әкімінің 15-қазанда су мәселесін шешеміз деп Елбасына берген уәдесі орындалды.

000

Ұзындығы 14 шақырым су құбырының құрылысы өткен жылы аяқталуы тиіс болатын. Алайда кәріз жүйесінің құрылысы қабаттаса жүргізілгендіктен, кестеден кешігіпті. Оңтүстік су магистралынан Забадам, Сәуле, Қазығұрт және Құрсай шағынаудандарының тұрғындары таза су ішетін болады.

Ал Солтүстік су магистралын жүргізу барысында сыйымдылығы 3 мың текше метрлік қоймалар да салынды. Бұл қойма апатты жағдай туа қалса, тұрғындарды кемінде 7-8 сағат сумен қамтиды екен. Бүгінгі таңға дейін құбырлардағы судың сынамалары алынып, тексерілген. Нәтижесінде тұрғындар қорықпай суды іше берсе болады деген қорытынды шығарылды.

[youtube]http://youtu.be/sQDsLm3L6PM[/youtube]

Енді Оңтүстік су магистралынан су ішетін Құрсайдағы Сайрам ауданынан қосылған аймақтарға ауызсу жеткізу мәселесі қаралып жатыр.