«Әйелдерді қорламайық, қорғайық!» республикалық акциясы басталды

833
Фотосурет ғаламтордан алынды

Қазақстан аумағында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!» акциясы басталды. Әйелдерге қатысты барлық кемсітушілікті жою туралы (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29-шілдеде ратификациялаған) конвенция ережесіне сәйкес, жыл сайын, 25-қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жоюдың халықаралық күні және «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!» ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акция басталып, 10-желтоқсанға дейін жалғасады. Осы іс-шараны өткізу үшін мүдделі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тарту мәселелері қарастырылуда.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды

Акцияның негізгі мақсаты – көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.

Акция барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар, сонымен бірге іс-шараны өткізу шеңберінде кездесулер өткізіліп, буклеттер, жадынамалар мен плакаттарды және т.б. үлестірудегі жұмыстар саябақтар, алаңдар, базарларда және т.б. жүргізіледі. Ақпараттық-насихаттау жұмысты өткізу мақсатында жоғарғы оқу орындары және арнайы оқу орындарының студенттері қатарынан еріктілер жұмылдырылады.

Осы ауқымды акция барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын өткізу бойынша әртүрлі нысандағы жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдарға хаттар жолданады. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ішкі істер органдарының өкілдерінің жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіріп өтеді.

Кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелерді қараумен қоғамдық іс-шаралар, яғни брифингтер, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім, сондай-ақ қолайсыз отбасы адамдарды тұрғылықты жерлері бойынша толық тексеру қамтамасыз етіледі. Қорғау ұйғарымдары шығарылған немесе мінез-құлқына ерекше талап қойылған адамдарға қатысты, шектеу қойылған адамдардың тәртіпті сақтауларына ерекше назар аударылады.

«Учаске» ЖПІШ шеңберіңде учаскелік полиция инспекторларына қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерді күн сайын аралауды өткізу кезінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңын түсіндіру бойынша жадынамалар мен буклеттерді тарату жүктеледі, сондай-ақ түсіндіру жұмысын өткізу кезінде үкіметтік емес ұйымдар, ЖПИК өкілдерінің, консьержілер мен полицияның қоғамдық мүшелерінің мүмкіндіктерін пайдаланады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды жұмысқа орналастыру туралы халықты еңбекпен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау органдарына ұсыныстар енгізіледі.

Акция кезеңінде әйелдерге әр түрлі құқықтық мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету мақсатында учаскелік полиция пункттерінің жанында мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен «Қоғамдық қабылдау» ұйымдастырылады.