Úı Oqys oqıǵa Той үстінде оқ атқандарды прокурорлар іздестіруде

Той үстінде оқ атқандарды прокурорлар іздестіруде

Видеодан скриншот

Түркістанда той үстінде атыс болды. Қызықты салтанатқа келген қонақтар қолдарындағы суық қарумен от шашу ұйымдастырған.

Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Бір жігіттің қолындағы қару Макаров қаруына ұқсайды. Тағы бір қонақ жігіт мұның артынан винчестер секілді қарумен аспанға оқ атады.

Той емес, аңшылыққа ұқсайтын бұл видеоролик құзырлы орган қызметкерлерінің назарын аударды.

Прокуратура қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, алдағы уақытта бұл іске қатысты толық тексерулер жүргізіліп, заңды бұзғандарға бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалады.

 

 

[youtube]http://youtu.be/hftgo7W82Cw[/youtube]