Жүк көлігі газ құбырын қиратты

324

Бір жүргізушінің жауапсыздығынан 18 көшенің тұрғындары көгілдір отынсыз қалды. «Самал-3» шағынауданындағы Әл-Фараби көшесіне жасалып жатқан кеңейту жұмыстарына байланысты ауыр жүк көлігі осындағы тар көшелермен өтпек болған.

002

Соның салдарынан биік көлік газ құбырын талқандады. Оқиға орнында орта және төменгі сығымдағы екі бірдей жүйе бұзылды. Құбырдан атқылаған газ айналаға таралып, қауіп төндірді. «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің мамандары келгенше құбырдан газ шығып тұрды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_You2ASp1Dc[/youtube]

Көгілдір отын тек жарты сағатан кейін ғана өшірілді. Мамандар енді шығынның көлемін анықтайтын болады. Осылайша тар көшеде тамаша көрсеткен жүргізуші енді жауапқа тартылады.