Жүргіншілер жолын жауын шайып кетті

316

Шымкеттегі «Спорт» шағынауданында тұратындар сапасыз жолдың емес, мердігердің олақтығынан зардап шегуде. Күздің мол жауын-шашыны басталғалы осындағы «Әсем» балабақшасына бару қиындап кетті дейді ата-аналар.

001№ 9 көпқабатты үйдің ауласынан бала жетектегендер жолдан жығылмай өтпейтін болған. Тұрғындардың айтуынша, бұл аула өткен жылы абаттандырылған. Алайда мердігердің салғырттығынан жауын-шашынның суы жүргіншілер өткеліне бағытталып, су аяқ жолды шайып кетіпті. Ал Әл-Фараби ауданының әкімдігі бұл мәселені шешуге әзірге уақыт тапшы деп отыр.

 

 

[youtube]http://youtu.be/gg-xG0JpB70[/youtube]