Баспалдақтан құлап, мерт болды

295

Бүгін Шымкентте 45 жастағы ер кісінің мәйіті өз үйінің ауласынан табылды. Екінші қабаттан баспалдақтан түсіп келе жатқан ол төменге құлап, үшкір темір қоршауға түскен.

006

Қайғылы оқиға Шымкент қаласындағы Тверская көшесіндегі жеке үйдің ауласында орын алған. Жарақат алған азамат оқиға болған жерде мерт болыпты. Үй иесі бірнеше күннен бері көрінбей, қоңырауларға жауап бермеген соң күдіктенген көршілері алаңдаушылық танытып, полицейлерге хабарласқан. Қазір Абай полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның себеп-салдарын анықтауға кірісті.