Елбасы Оңтүстікке келді

511

Бүгін ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке жұмыс сапарымен келді. Елбасы алдымен жаңа әкімшілік орталықтағы «Түркістан» конгресс-холында болды. Нұрсұлтан Назарбаев құрылысына 1 миллиард 564 миллион теңге жұмсалған нысанды қарап шықты.

002

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, бұл ғимаратта ең заманауи дыбыстық, жарықтық, акустикалық жабдықтар орнатылған.

Конгресс-холда Қазақстан Президентінің назарына Шымкент қаласының жаңа әкімшілік орталығын салудың егжей-тегжейлі жобалары да ұсынылды. Мемлекет басшысына облыстық әкімдіктің барлық басқармалары мен департаменттері, жаңа мұражай, салт-дәстүрлер орталығы көшетін 16 қабатты ғимараттың макеті көрсетілді. Бұдан басқа тұрғын үйлердің макеттері де ұсынылды.

Бұдан кейін «Түркістан» конгресс-холында Елбасының облыстың зиялы қауымымен кездесуі өтті. Мемлекет басшысы осында өңіріміздегі ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерімен жүздесіп, сөйлесті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ драма театрында болып, ұжыммен бірге естелік суретке түсті. Бұдан кейін «Риксос» қонақ үйінде болып, Оңтүстікте жүзеге асып жатқан тың жобалармен танысты.

[youtube]http://youtu.be/ct1Vw2tMSBw[/youtube]