Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Президенттік олимпиаданың алтын медалін жеңіп алды

464

Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 «Д» сыныбының оқушысы Әбдіраш Мұратхан 7-ші Президенттік олимпиадада жаратылыстану-математика цикліндегі пәндер бойынша алтын медаль иемденді. Аталмыш олимпиада Қарағанды облысының Теміртау қаласында өтті.

006

Бұған дейін Мұхтархан Әбдіраш  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интерактивті студиялары арқылы өткізген олимпияданың аймақтық кезеңі мен одан кейінгі іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен болатын. Аймақтық тур қашықтық желі арқылы Білім және ғылым министрлігінің интерактивті студиясында бір мезгілде Қазақстанның барлық өңірлерінде қатар өткізілді.

Оған қоса жеңімпаздың жетекшісі Рашид Мавланходжаев дайындаған тағы бір шымкенттік шәкірт Асылхан Аманхан 4-ші орынды иемденді.