Оңтүстікке ауыл шаруашылығы министрі келді

240

Бүгін Шымкентке Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков келді. Ол Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттаушы ақпараттық топты бастап келген.

001

Ведомство басшысы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің мәжіліс залында өңір зиялыларын жинап, жолдаудағы негізгі міндеттерді түсіндірді. Әсіресе, өзі басқарып отырған салаға жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін айтып, жұмылып жұмыс жасауға шақырды. Сондай-ақ, астықты артығымен жинап, күзгі егістікті дер кезінде аяқтаған ауыл шаруашылығы саласының алдағы жоспарларымен таныстырды.