Шымкентте Президент шыршасы өтті

859

Бүгін Шымкенттегі «Оңтүстік Цирк» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Асқар Мырзахметов балаларды мерекемен құттықтап, Президенттің атынан 200 балаға ноутбук табыстады.

002

Мерекелік шыршаға қатысқан балаларға телеэкран арқылы Елбасының арнайы құттықтауы көрсетіліп, Алпамыс батыр, Қобыланды батыр жайлы шығармалар мен сиқырлы математика кітабы, түрлі тәттілер сыйға табысталды. Сонымен қатар халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болған бишілер мен бүлдіршіндер өнер көрсетті.

001

005

004

Мерекелік шара барысында 2014 жылғы 2 желтоқсанда Теміртау қаласында өткен Президенттік олимпиадаға қатысып, жүлделі II орынды иеленген оңтүстікқазақстандық екі оқушы арнайы марапатталды. Олар – Кентау қаласындағы «Дарын» мектебінің оқушысы Асия Хузяхметова мен Шардара қаласындағы №3 «Дарын» мектебінің оқушысы Асылхан Нұрғали.

003

008

010

Екі күн бұрын Президенттік шыршаға арнайы аудан, қалалардан келген оқушылар дарынды балаларға арналған №1 мектеп-интернатқа орналастырылып, қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасады.

011

009

2014 жылды оңтүстікқазақстандық оқушылары толымды жетістіктермен қорытындылап отыр. Халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауында, спорт пен өнер сайыстарында облыстың 700 оқушысы жеңімпаз атанды.

006

007

436 мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегері атанса, биылғы республикалық пән олимпиадасында І орынды және «Үздік олимпиадалық команда-2014» атағын жеңіп алды. Мектеп және колледж оқушылары арасындағы VІІ жазғы республикалық спартакиадада І орынды иеленіп, облыс мерейін өсірді.

Дереккөз: ОҚО әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі