Жолдардағы қар тазалануда

487

Қала көшелерін қардан тазарту жұмыстары таңсәріден басталады. Арнайы техникамен ғана емес, күрекпен де тазалауды керек ететін жолдар бар. Ол үшін «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшылары сақадай сай.

004

Мекеменің қыс мезгіліне дайындығы қар жауғанда байқалатыны рас. Әзірге коммуналдық мекеменің жұмысы қарқынды. Жауған қар жылдам тазаланып, жолдар жиі тазартылуда. Серіктестіктің қызметкері Зылхат Тұрсымбаев көшенің тазалығы қаланың абыройы дейді. Сондықтан да күнделікті жұмысын тиянақты атқарады.

[youtube]http://youtu.be/qKbv1eDoU3o[/youtube]