9 жасар баланы пойыз қағып кетті

249

Соңғы сағаттарда келіп түскен ақпарат. Бүгін таңертең 3-сынып оқушысын пойыз қағып кетті. Қайғылы жағдай таңғы сағат 7:30 шамасында орын алған. Бұл туралы желілік ішкі істер басқармасына сілтеме жасаған ТВК телеарнасы хабарлайды.

001

9 жасар балдырған таңертең мектепке бара жатқан. Өкінішке орай, жолда мерт болды. Оның үйі теміржолдан шамамен 3 шақырым жерде орналасқан.

Таңертең ұлын мектепке шығарып салған анасы баласына теміржолды кесіп өтпеуді өтініпті. Ал мамандардың айтуынша, жас бала түгілі егде жастағы тұрғындар да теміржолды кесіп өтуді әдетке айналдырған. Өйткені үйлері теміржолға тым жақын орналасқан. Айта өтейік, жыл басынан бері өңірімізде осыған ұқсас 4 оқиға тіркеліп үлгеріпті.