Миллиондаған теңгенің заңсыз тауары табылды

228

Шекара бойында заңсыздық дерегі ашылды. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары заңсыз тасымалданған көлік дөңгелектерін тәркіледі. Арнайы операцияны салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау басқармасының мамандары іске асырған. Заңсыз жүктің салмағы 400 тоннаға жетіп жығылады.

003
Шұғыл түсірілім

 

Жергілікті кеденшілердің күдігін туғызған жүк Қазақстан аумағы арқылы тасымалданбақ болыпты. Соңғы нүкте Өзбекстан деп белгіленген. Кәсіпкер декларацияны түрлі тауарларға толтырған. Көп заттың ішінде білінбейді дегені болар, күмәнды контейнер туралы мәлімет ешбір құжатта көрсетілмепті.

Қазір қызметкерлер салықтан жалтару әрекетіне байланысты экономикалық қылмыс бойынша тергеу жүргізуге кіріскен. Тергеушілердің болжамынша, мемлекетке келтірілген шығын қомақты қаржыны  – 200 миллион теңгені құрайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=l8xUl_Gc57w[/youtube]

Айта кетейік, экономикалық тергеулер қызметінің құрылғанына 4 ай болды. Құрылым қызметкерлері осы уақыт аралығында 168 әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдапты. Онымен қоса заңды және жеке тұлғаларға 3 жарым миллион теңгенің салығын салып үлгерген.