Шымкентте әлеуметтік нан жеткілікті

533

Шымкентте әлеуметтік нан бағасы өзгеріссіз қалды. Жергілікті билік нан қымбаттамайды деп сендіреді. Айта өтейік, әлеуметтік нан 35 теңгеден сатылады. Бүгінде қаладағы сауда орындарында нан жеткілікті.

003

Шымкенттегі әлеуметтік дүкендердегі сөрелерден нанның түр-түрін табасыз. Сатушылар берген тапсырысымыздың барлығы дер кезінде келіп жатыр дейді.

Қала әкімдігінің мамандары әлеуметтік бағадағы нанның және наубайханаларға босатылатын ұнның бағалары қатаң бақылауда деп сендірді. Облыс әкімдігі жанындағы тұрақтандыру қоры бұл стратегиялық маңызы бар мәселені өз қадағалуына алған. Бүгінде Шымкентке бөлінген 2 370 тонна бірінші сұрыпты ұнның 478 тоннасы базарларда, ал қалғаны Тұрар операторы арқылы қаладағы 37 наубайханаға босатылады. Оның келісі – 46 теңге.

Аталған 37 наубайхананың қатарында «Теміршиков» жеке кәсіпкерлігінің наубайханасы да бар. Мұнда екі ауысымда тәулігіне 7 мың тонна өнім шығарылады. Ұнды әлеуметтік бағада сатып алғандықтан, бөлке нан да арзан сатылады дейді наубайшылар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=FvsdMHkUnCU[/youtube]

Сонымен, Шымкентте әлеуметтік нан 35 теңге тұрады. Оның қымбаттауына негіз жоқ. Егер нанның бағасына қатысты қандай да арыз-шағымыңыз болса, қала әкімдігіне қарасты кәсіпкерлік бөліміне немесе 54-85-06 байланыс телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.