Су мен жарық қымбаттады

280

Жаңа жыл жаңа тарифтермен басталды. 1-қаңтардан бастап Шымкентте ауызсу мен жарықтың бағасы өсті. Енді тұтынған су үшін көлем емес, топтастырылған негізде ақы төлейміз.

004Мысалы, 3 текше метрге дейінгі көлемде су пайдаланатындар 35 теңге 83 тиыннан төлесе, 3 текшеметрден артық көлемде су тұтынатындар 47 теңге 75 тиыннан төлейтін болады. Ал жарық бағасының өсуі тасымалына байланысты болып отыр дейді мамандар.

Мысалы, шымкенттіктердің жарықты 70 квттан кем тұтынатындары үшін тариф – 11 теңге 28 тиын. Бұл – қосымша құн салығынсыз ақы. Ал 70 квттан 140 КВТ-қа дейінгі көлемде тұтынсаңыздар, 14 теңге 16 тиыннан төлейді. Осылай кете береді.