Зейнеткер өз үйінде қаза тапты

413

Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінен 76 жастағы зейнеткердің мәйіті табылды. Анық болғандай, кейуана Рысқұлбеков және Ғани Иляев көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйде тұрған.

002

Соңғы бірнеше күн бойы пәтерінен шықпаған қарияның жағдайына алаңдаған көршілері құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрайды. Қоңырауларға жауап бермеген зейнеткердің үйіне кіру оңай болмады.

Соңында құтқарушылар есікті бұзып кіріп, үй иесінің өлі денесін тапты. Жалғыз басты зейнеткердің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір құзырлы орган қызметкерлері істің ақ-қарасын анықтауға кірісті.