Автобус жол апатына ұшырады

186

10 ақпан күні Шымкентте Темірлан тас жолы бойында  жол көлік оқиғасы тіркелді. Бағыттағы қоғамдық көлік күре жолдың  жиегіндегі  электр жарығы бағанасына соқтығысты. Абырой болғанда  ешкім зардап шеккен жоқ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=O3YGJmrVhIQ[/youtube]

013

Өйткені көлікте жолаушылар болмаған. Шақыртуға шұғыл жеткен жедел медициналық жәрдем бригадасының мамандары жүргізушіні тексеріп, денсаулығына зақым келмегенін растады. Оқиға орын алған жерге жеткен жол полицейлері қазір мән-жайды анықтауда. Оның нәтижесі бойынша кінәлі жақ шығынды өтейтін болады.

012