Мүмкіндігі шектеулі жандар фото-көрме ұйымдастырды

358

Есту қабілетінен айрылу – өнерге ден қоймау деген сөз емес. Мұны құлағы нашар еститін 20 автор өз туындылары арқылы дәлелдеді.

003

«Мега» ойын-сауық орталығында Қазақстанның байланыс қызметінің облыстық жастары өкілдерінің ұйымдастыруымен «Есту қабілеті жоқ жастардың өмірінен» атты фото-көрме өтті. Оған 100-ге жуық шығарма қойылып, көптің назарына ұсынылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өмірдің әрбір қызықты сәттерін қалт жібермей, фотоаппараттарына түсіріп отырған. Бүгін туындылардың ең таңдаулылары көрмеге қойылады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=_O4VS_H-Nag[/youtube]