Зиялы қауым өкілдері Сарыағашқа барды

307

Қоғамдық орындарда тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бірлескен жұмыс басталып кетті. Алғашқылардың бірі болып зиялы қауым өкілдері мен ауыл ақсақалдары жастармен кездесуде.

001

Бостандық ауылындағы тіршілік бұрынғы қалпына түскен. Қаза болған Бақытжан Артықовтың отбасына көңіл айтып жатқандар аз емес. Бүгін оларға тілшілер қауымы да қосылды. Марқұмның әкесімен тілдесті. Қара жамылып отырған отағасы алдымен облыс басшылығына алғысын айтты. Жалғыз ұлынан айрылған әке билікке өз талабын қойған. Соның бірі – қылмыскерді соттау процесі ашық өткенін қалайды.

Облыс басшылары күні бүгін де ауылдықтармен кездесіп, тұрғындарды ынтымақ бірлікке шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Енді қылмыскер тиісті жазасын заң талабына сәйкес алуы үшін сот отырысы көшпелі әрі ашық түрде өтеді деген шешім қабылданған.