Úı Jańalyqtar Қаланың ортасындағы су құбыры жарылды

Қаланың ортасындағы су құбыры жарылды

Осыдан бірер сағат бұрын қаладағы Рысқұлов даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында 800 мм орталықтандырылған су құбыры жарылды. Қазіргі кезде «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-нің мамандары жарылған құбырды жөндеуге кіріскен.

003

Осы келеңсіздіктерге байланысты Рысқұлов даңғылының бір бөлігі уақытша жабылып, Теріскей, Төменгі және Жоғарғы Отырар ,16,17,18 ,Самал-1, 2 және Түркістан, Айқап шағынаудандарында тұратын 15 мың тұтынушы уақытша ауызсудан ажыратылады. Сумен қамту мекемесінің басшылығы бұл қолайсыздықты тезірек шешуге уәде беріп отыр.