Елбасы Шымкентке келді

254

Бүгін таңертең Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкенттегі Наурыз алаңында өткен «Мерейлі мақсатымыз – мәңгілік ел!» салтанатты іс-шарасына қатысты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=QMHBD2AVTA0[/youtube]

Мемлекет басшысы көпшілік алдында сөз алып, еліміздің жетістіктерін саралады. Қазақстандық азаматтардың өмір сұру жасының ұлғайғанын тілге тиек етті.

Одан кейін Оңтүстік ұландарының өнерін тамашалап, күнгейліктерге сәттілік тіледі. Алаңнан көтеріңкі көңіл-күймен шыққан мемлекет басшысы теннис орталығына да соқты.

Мұнда Нұрсұлтан Әбішұлы салауатты өмір салтын ұстанған жастармен кездесті. Оңтүстіктің мақтан тұтар толағайларымен естелік суретке түсіп, балдырғандармен тілдесті. Олардың ойындарын тамашалады.