Газ құбырынан өрт шықты

380

Шымкенттегі Астана даңғылында өрт оқиғасы орын алды. Жергілікті тұрғын өзінің жекеменшік жер телімінде қазба жұмыстарын жүргізу барысында жоғары қысымды газ құбырын жарып жіберген.

002

Өрттің шығуына себеп болған да осы оқиға. Бүгін дәл осындай сценариймен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдері төтенше жағдай қызметкерлерімен бірлесіп, оқу-жаттығу өткізді. Мұндағы мақсат – газ құбырлары жүргізілген аумақта халықтың тиісті талаптарды сақтап, оқыс оқиғалар кезінде шұғыл қызметтердің бірлесе жұмыс істеуін пысықтау болып табылады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=TKxGQOUhNfY[/youtube]