Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары көбейеді

248

Оңтүстікте кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының саны артады. Аудандардан ашылатын орталықтың мамандары іскер азаматтарға кеңес беріп, идеяларын жүзеге асыруға жол ашады.

004

Сондай-ақ, орталықтарда арнайы кәсіпкерлік мектебі де жұмыс істейтін болады. Бұл туралы ОҚО кәсіперлер палатасында өткен брифингте мәлім болды. Жаңадан ашылатын мекемеде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға баса назар аударылмақ. Өйткені шағын және орта бизнес көзін дамыту ел экономикасын ұлғайтуға сеп болады.

Айта кетейік, ЕХРО 2017 халықаралық көрмесі аясындағы құрылыс жұмыстарына Оңтүстік Қазақтан облысының кәсіпкерлері де қатысатын болды. Ол үшін кәсіпкерлік палатаның өңірдегі филиал мамандары көмек беруге, мемлекеттік сатып алу істеріне қатыстыруда жол көрсетеді.