Сарыағаштағы іске қатысты тергеу жалғасуда

299

Сарыағаш оқиғасы жаңа айғақтық затпен толықты. 4 ақпанда Бахытжан Артықовтың көлігіндегі бейне бақылау жазбасында оның қанпезердің қолынан қаза тапқан сәті жазылып қалған. Мұнда Бақытжанның Навмидин Нарметовтың пышақпен ұрысынан соң көлігінен қашып шығып, артынан түскен қанпезер жәбірленушіні бірнеше рет тағы қанжоса рет ұрғандығы түсірілген.

Осыдан соң қылмыскер 20 минут отырып, көлікті оталдырып қазақ-өзбек шекарасына бет алады. Жолда бейне жазбаны көрген ол, оны жұлып алып лақтырып тастайды. Қазір бейне жазба техникалық сараптамадан өткізілуде. Навмидин Нарметовке қаза тапқан Бахытжан Артықовтың жеке заттары яғни ұялы телефон алып, заңсыз көлігін  айдап, шекараны өткені үшін айыптар тағылуда.