Шымкент зообағына жаңа директор тағайындалды

1025

Шымкент зообағының директоры Сейдулла Жұбаев қызметінен босатылды. Бұған дейін зообақ директоры мен оның бұрынғы орынбасары арасында сот басталған болатын.

001

Директордың орынбасары Мұхтар Мұхамбетжан осыған дейін зообақтағы жоғалған қонжықтар мәселесіе көтерген болатын. Ал директор орынбасарым ұжым арасында дау шығарды деп сотқа жүгінген.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың басында зообақ басшылығы төлдеген аю өз қонжықтарын өзі жеп қойды деп мәлімдеген еді.

013

Енді бүгінгі таңда зообақтың директоры болып Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбаев тағайындалды.