Шымкентте көлік өртенді

284

31 наурыз күні Шымкентте Дулати көшесі мен Тәуке хан даңғылының қиылысында жеңіл көлік өртенді. Фольсваген-Вента автокөлігінің электр желісі қысқа тұйықталып, соның салдарынан өрт шыққан. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ. Жүргізуші де аман.

000

Сол маңнан кетіп бара жатқан автокөлік иелері тез арада көмекке келіп, жалынды өшірген. Көліктің алдыңғы бөлігі жанып кетті. Оқиға болған жерге полицейлер мен жедел-жәрдем дәрігерлері келді. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

vlcsnap-2015-03-31-17h59m55s160