Шымкентте жаңа қоқыс полигоны ашылады

599

Енді бірер күнде Шымкент қаласындағы ескі қоқыс алаңы жабылады. Қалалықтар шығаратын тұрмыстық қалдықтардың бір бөлігі Ташкент бағытындағы жаңа полигонға тасымалданады. Ал екінші бөлігі Мәртөбе елдімекеніндегі алаңға тасымалданбақ. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов мәлім етті.

001

Қаладан 25 шақырым қашықтықта жатқан жаңа қоқыс полигонына күн сайын қалдық артылған 135 көлік келеді деген жоспар бар. Ондағы жүктің көлемі 1361 текшеметрді құрайды. Шаһар басшылары бұл алаңның қаладан шалғай жатқанын ескеріп, қаланың қоқыстарын екі жерге шығарады. Қаланың күншығыс бөлігіндегі шағынаудан тұрғындарының қоқыстары Мәртөбедегі полигонға тасымалданады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6C0xakSO2Bo[/youtube]

Жоспар бойынша ескі қоқыс полигоны 10 наурызда жабылуы тиіс болған. Алайда жақында жауған қар жаңа полигонға баруды қиындатып жіберген. Енді сол жолға шағал тас төселу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс аяқталып та қалған.

Жаңа қоқыс полигонының жанындағы «сақалды» құрылысқа айналған қоқыс өңдеу зауыты да жұмысқа дайын. Естеріңізде болса, бұл зауыттың құрылысы 2011 жылы басталған болатын.