Темір-терсектің арасынан 8 снаряд табылды

489

«Қазвторчермет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауласынан сегіз снаряд табылды. Оның үш данасы – 122 мм, тағы үшеуі 125 мм болса, екі снарядтың жарылғыш гильзасы – 85 мм. Жарылғыш заттар мұнда темір-терсекпен бірге жеткізілген болуы мүмкін.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4u8H5lWUdug[/youtube]

000

Снарядтарды жоюға 35/748 әскери бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Әскери бөлімнің саперлары снарядтарды «Ақтас» полигонында жарып тастады. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ.